Олимпиада жетістіктері
3 тоқсан да аяқталуға жақын. «Астана дарыны» ӨҒПО сайыстарының қорытындылары біздің мектеп үшін қуаныш әкелді. 5-7 сыныптар арасында өткен «Жас математик» қалалық олимпиадада 5 «З» сыныбының оқушысы Гиляуров Сафар (мұғалімі Кожахметова Жанна Шамшиденовна) II орынға ие болды, 6 «Е» сыныбының оқушысы Ахметова Диана (мұғалімі Байдавлетов Амангельды Токенович) грамота алды. 7-8 сыныптар арасында өткен «Жас ғалым» қалалық олимпиадасында 8 «Ә» сынып оқушысы Кажтаев Батырхан (мұғалімі Кубенова Лаззат Маратовна) III-дәрежелі дипломға ие болды. Ал 5 «Б» сынып оқушысы Амреева Әдемі (мұғалімі Ахметова Ғайния Сандыбаевна) «Достық» олимпиадасында III орын алды. Оқушыларымызды және әріптестерімізді жетістіктерімен құттықтаймыз!

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
