«Қош келдің - Наурыз»
Бастауыш сыныптар арасында 15 – 16 наурыз аралығында «Қош келдің - Наурыз» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Концертте барлық сыныптар қамтылды. Мерекелік кеште наурыз туралы ертегі, қазақтың ұлттық салт дәстүрлері: «Бесікке салу», «Қырқынан шығару», «Тұсау кесу» көрсетілді, қазақтың ұлттық биі «Қаражорға» және «Қош келдің төрлет- Наурызым» әні шырқалды. Сонымен қатар Қыдыр атаның жаңа жылға, жаңа күнге деген батасы берілді. «Бесікке салу», «Қырқынан шығару», «Тұсау кесу» дәстүрлерін көрсету 3 «А» сыныбы, сынып жетекшісі Толегенова Г.М., 3 «З» сыныбы, сынып жетекшісі Коныратова З.К., 4 «Г» сыныбы, сынып жетекшісі Кулмаганбетова А.Ш., 4 «Д» сыныбы, сынып жетекшісі Кузембаева А.О. тапсырылды. Мектеп оқушылары «Наурыз» мейрамы мен ұлттық тәрбиені меңгеріп, дүниетанымдарын кеңейтті.Наурыз мерекесі өте жоғары деңгейде өтті.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
