Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

«Армысың, Әз Наурыз!» мерекесі

«Армысың, Әз Наурыз!» мерекесі

   Наурыз мерекесі 1991 жылы, 15 наурызда Қазақ СР Президентінің қаулысының негізінде мемлекеттік мәртебеге ие болды.
   Елбасы наурыз айының 22 жұлдызын "Наурыз мейрамы" деп жариялады. Ал 2009 жылдың 24 сәуірінде ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев наурыз айының 21, 22, 23 күндеріне "Наурыз мейрамы" деген атақ берді.
Ежелгі жыл санағы бойынша, 22 наурызда күн мен түн теңеседі. 

Наурыз – жылдың бірінші күні, жыл басы, көктемнің алғашқы айы. Наурыз мерекесін қазақ халқы «Армысың, Әз Наурыз», «Әз болмай, мәз болмас» деп қарсы алған. 
        Біздің мектебімізде 13 наурыз күні «Наурыз-Думан» театрланған қойылым өткізілді.





   18 наурыз күні  1-11 сынып оқушылары арасында «Армысың, Әз Наурыз!» тақырыбында Наурыз мейрамы аталып өтті. Әр сынып ауылдарға бөлініп, наурыз мерекесін өткізді. / «Сакен» ауылы, «Абай» ауылы, «Махамбет» ауылы және т.б./ .

Ұйымдастыру кезеңі:

  1. «Ұлыстың ұлы күні- Наурыз!»   мерекесіне арналған ғұламалар ауылдарын безендіру.
  2. «Наурыз сыйы» мерекелік дастархан мәзірі
  3. «Армысың, Наурыз!» мерекеге арналған шағын концерт дайындау.
  4. Ұлттық киім кию.

   Осы құрылған бағдарлама бойынша сыныптар наурыз мерекесін өткізді.

Бірі үстел мәзірін, бірі салт-дәстүрді көрсетсе,  енді бір ауылда мерекелік концерттер өтіп жатты.


Оқушылардың барлығы ұлттық киімде болып, мерекелік іс-шараларға белсене қатысты.



 












17-18 наурыз күндері наурыз мерекесіне арналған ұлттық ойындар сайысы өткізілді.











Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь