Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

Дана ұстаз, ана ұстаз Аймағанбет Дәмеш Өмірбекеқызымен кездесу

    Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысында, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісінде, кеншісінде, ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол сияқты ұстаздарды да ардақтауымыз керек. 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай мектебіміздің дана, ана ұстазы Аймағанбет Дәмеш Өмірбекқызымен кездесу кеші наурыз айының 3 наурыз күні өтті. Кездесу кешіне мектебіміздің 10 сынып оқушылары қатысты.
    Дәмеш Өмірбекқызы қызықты да қиын химия пәнінің қыры мен сырын оқушыларға жетік меңгерткен, сан түрлі білім жарыстарына, пәндік олимпиадаларға, ғылыми жоба сайыстарына қатыстырып, шәкірттері бірнеше маратапқа ие болып жүрген ұстаз ретінде білеміз. Бұл кездесу барысында оқушылар Дәмеш Өмірбекқызының отбасы, ошақ қасындағы рөлі, КСРО кезінде партия мүшесі ретінде атқарған батыр істері, ең бастысы саналы өмірінде сан биік белестерді бағындырған ару ананың өмірі мен тәлімінен үлгі-өнеге алдық. Ұстаз келем болашақтың бастапқы баспалдағы, төрдегі киелі орын иесі. Осындай ұлағатты ұстаздарымыз көп болғай.

 
 
 
 
 
 
 

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь