2016-2017 оқу жылында 9-18 наурыз аралығында «Нақты ғылымдар патшалығында» тақырыппен математика, информатика және физика пәндері бойынша апталық өткізілді.
|
Апталық өткізу жоспарындағы іс-шаралардың барлығы дерлік қамтылды және уақытымен өткізілді. Ашық сабақтардың көпшілігі жақсы деңгейде өткізілді. Сыныптан тыс шаралар мен ашық сабақтарда ақпараттық технологиялар мен оқыту мен оқудағы жаңа – әдіс тәсілдер пайдаланылды. Ашық сабақтар 10.03.17 ж. 5 «Б» сынып. «Ондық бөлшекті натурал санға көбейту » ашық сабақ. /Бакежанова Н. Ж./ Мұғалім сабақта ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру мақсатында «Ыстық алақан» тренингін өткізді. Сыныпты топқа бөлді. Оқушылардың қызығушылықтарын ояту мақсатында бірнеше қызықты тапсырмалар берілді. 10.03.17ж. 8 «А» сынып. Ашық сабақ «Тіктөртбұрыштың ауданы». Пән мұғалімі: Шаммухамбетова Н. Г. Сабақ басталғанда мұғалім оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында оқушыларға «ертегі- есеп» түрінде жүргізді. Оқушыларды фигуралар арқылы 3 топқа топтастырды. Сол топтарды басқару оқушыға берілді. Үй тапсырмасы сұрақ- жауап арқылы тексеріліп, дамыту кезеңінде деңгейлік тапсырмалар орыдалды. «Математикалық диктант» және сәйкестендіру кестесін толтыруда оқушылар шапшаң әрі қызығушылықпен тапсырмаларды орындады. Қорытындылау бөлімінде оқушылар ҰБТ есептерін тез шешу жолдарын тауып, шапшаңдықта бірнеше есептерді шешіп тақтаға орындады. Сабақ өз мақсатына жетті. 10.03.2017 ж. 8 «Ә» сынып. Ашық сабақ «Тогы бар түзу өткізгіштің магнит өрісі» Пән мұғалімі: Набатбек Е. А Мұғалім сабақта барысында қызығушылықты оятуға үлестірмелік тапсырмалар берілсе, мағынаны түсіну кезінде топтық тапсырмалар берілді. Әр оқушы өз тапсырмаларын орындап, сабақты түсінгені көрініп тұрды. Бекіту кезеңінде оқушыларға тақырыпқа байланысты есептер беріліп, жауаптары кестеге сай әріптерін қойып, атақты ортаазиялық математиктің аты шығуы керек тапсырмаларын орындады. Оқулық және тақтамен жұмыс қатар жүргізілді. Қатысып отырған мұғалімдердің сын-пікірлерін тыңдап, жіберген олқылықтарды келешекте жойып, сабақты одан әрі қызықты өткізу ұсынылды. 11.03.2017 ж. 7 «Б» сынып. Ашық сабақ: «Рационал сандарды қосу және азайту» Пән мұғалімі: Аққұл Қ. Сабақ барысында логикалық сұрақтар, сигналдық карта, жарыс- есептер, оқулықпен және тақтамен жұмыс, өзін-өзі тексеру тапсырмалары қамтылды. Сабақта оқушылар тапсырмаларды толық орындап, аяқтай алмады. Пән мұғаліміне сабақта талдау кезінде ұсыныстар айтылды және айтылған ұсыныстарды ескеріп сәуір айының екінші аптасында ашық сабақ беру тапсырылды. 15.03.17 ж. 11 «Ә» сынып. Ашық сабақ: «Көрсеткіштік және логарифмдік функциялар» Пән мұғалімі: Узбекова Р. Б. Мұғалім сабақтың басында оқушыларды бөлу кезінде сыныпқа кіру алдында қолдарына билеттер беріп, сондай түсті жалаушасы бар партаға барып отырады. Жаңа сабақтың өту кезінде логикалық сұрақтар, ақпарат блогы, деңгейлік тапсырмалар, дидактикалық ойындар болды. Сабақ барысында жаңа сабақта алған білімдерін практикада ұштастыру мақсатында тәжірибелік жұмыс көрсетілді. Оқушылар тәжірибелік жұмыс нәтижесін тұрмыста қолдану туралы жалпы заңдылықтарды талқылады. Жаңа сабақты тест арқылы бекітті. Оқушылар дененің жүзу шарттарын толық қызығушылықпен меңгеріп, үйренді. 14.03.17 ж. 5 «Ғ» сынып. «Ондық бөлшекті натурал санға бөлу » ашық сабақ. /Табиғат Е./ Мұғалім сабақтың басында оқушылардың санау арқылы 4 топқа топтастырды. Бір- біріне жылы лебіздер айтып, сабақты бастады Өткен сабақ сұрақ –жауап арқылы еске түсірілді. Сабақ «Орманға саяхат» дәстірлі емес сабақ түрінде жүргізілді Сабақ барысында ауызша есептер, семантикалық карта, топтық тапсырмалар орындалып, өмірмен байланыстырылды. Сабақ барысында формативті бағалау жүжеге асырылып, сабақ соңында мұғалім әр оқушының қорытынды бағасын шығарды.Сабақ жоғары деңгейде өтті. 15.03.2017 ж. 9 «Ғ» сынып. Ашық сабақ: «Тригонометриялық функциялардың қос және жарты бұрыштарының формулалары » Пән мұғалімі: Бексолтанова Л. Ж. Мұғалім сабақ барысында жұптық, топтық, жеке оқушылармен ауызша және жазбаша түрде әр оқушының қабілеті мен деңгейіне қарай жұмыстар жүргізіп, барлық оқушыны сабаққа қатыстырды. Яғни мұғалімнің оқушыларды топтық жұмыс жасауға, өзін – өзі бағалауға дағдыландырғаны байқалды және мұғалім оқыту мен оқудағы педагогикалық әдіс-тәсілдеріді тиімді қолдана білді. Өзін-өзі тексеру тапсырмалары қамтылды. Оқушылар бағалау критерийлері бойынша сабақ соңында өз бағасын шығарды және кері байланыс жасады. 13.03.2017ж. 5 «Г» сынып. Ашық сабақ: «Калькулятордың жады» . Қонар Ә. Мұғалім сабақ барысында жұптық, топтық, жеке оқушылармен ауызша және жазбаша түрде әр оқушының қабілеті мен деңгейіне қарай жұмыстар жүргізіп, барлық оқушыны сабаққа қатыстырды. Яғни мұғалімнің оқушыларды топтық жұмыс жасауға, өзін – өзі бағалауға дағдыландырғаны байқалды және мұғалім оқыту мен оқудағы педагогикалық әдіс-тәсілдеріді тиімді қолдана білді. Оқушылар өз ойларын жеткізе білді.
|
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
