«Ата салтым - асыл қазынам!»
2017 жылғы 17 наурызда «Ата салтым - асыл қазынам!» атты мектепте 7-8 сыныптар арасында өткен Ұлыстың Ұлы күніне орай ұйымдастырылған мейрам жоғары дәрежеде өтті. Көзделген басты мақсат – оқушыларды ұлтжандылыққа, инабаттылыққа, имандылыққа, халқымыздың салт-дәстүрін, тілін, дінін қастерлей білуге тәрбиелеу. Қазақ халқының ежелден сақталып келе жатқан, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт-дәстүрі - Наурыз мейрамының тойлануына бұл киелі шаңырақта үлкен мағына беріледі. Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында әр сынып берілген тапсырма бойынша қазақ халқының салт-дәстүрінен көрініс көрсетіп мерекенің сәнін аша түсті. Қолданбалы қолөнер бұйымдары көрмесі, ұлттық ойындар, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардан қойылған көріністердің қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын қастерлеуге, кішіпейілділікке, инабаттылыққа, мейірімділікке, тәрбиелеудегі мәні зор болды. Халықта батаның түрлері көп. Солардың бірі – мектебіміздің ұстаздары Тердікбай Күшәй, Сартқожа Байған, Дәркей ағайлар және ата-аналар бастаған үлкендеріміздің дастархан батасын айтып, оқушыларға өз ізгі тілектерін жеткізе білді.
Ұлттық тағамдардан жайылған дастархан басына жайғасып, Наурыз мерекесіне орай дайындалған 7 түрлі дәм салынған, дәмі тіл үйірер наурыз көжеден дәм таттық. Сары уыз, бауырсақ, құймақ сынды қадірлі астан ауыз тию құрметі де бұйырды. Әр сыныптың өнерпаз оқушылары да өз өнерлерін аямай ортаға салып жатты. Бұл мерекеге ата-аналар қауымдастығының да қосқан үлесі зор. Оқушылардың ұлтық киім киіп, өнер, салт-дәстүрден көріністер көрсетуі ұлттық, патриоттық тәрбие берудегі маңызы зор. Атап айтқанда 8 Б – І орын, 8 А – ІІ орын, 7 А – ІІІ орынмен марапатталып, қалған сыныптар алғыс хатпен марапатталды. Мерекелік сахнаны безендіруде үлкен үлес қосқан 8 А, 8 Б, 7 Б сыныптарына мектеп әкімшілігі тарапынан алғыс айтылды. Ұлтымыздың болашағын жасайтын жастарымызға тәрбие беретін ана, қуат беретін әке, білім беретін мекеме мақсаты бір болса, ұлтжанды азаматтарымыз баршылық болып, ел болашағы алаңсыз болар еді. Қазақтың қазақ екенін, тәуелсіз мемлекет екенін дәлелдейтін бірден-бір мереке - Наурыз болуға тиіс. Наурыз - Қазақстан атты шаңырағымыздың ұлттық мерекелерінің нағыз қайнарына айналарына сенімдімін. Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын, ағайын!
![]() |
«Ата салтым - асыл қазынам!» атты мерекенің ашылу салтанаты. Мектеп директоры А.С. Сексенованың құттықтау сөзі. |
![]() |
![]() |
| 7 «В» сыныбының «Тұсау кесу» дәстүрі | |
![]() |
![]() |
| 7 «А» сыныбы «Наурыз жыл басын қарсы алу» дәстүрі | |
![]() |
![]() |
| 7 «Б» сыныбы «Баланы қырқынан шығару» дәстүрі | |
![]() |
![]() |
| 8 «А» сыныбы «Ерулік» дәстүрі | |
![]() |
![]() |
| 8 «Ә» сыныбы «Қыз ұзату» дәстүрі | |
![]() |
![]() |
| 8 «Б» сыныбы «Құда күту» дәстүрі | |
![]() |
![]() |
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау















