"Наурыз-ырыс, құт-береке бастауы"
"Наурыз - ырыс, құт-береке бастауы " ойын-сайысы
Мақсаты: Қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт-дәстүрін, наурыз мейрамының мәнін түсіндіру, әрі дамыту және көркейту.
Міндеті : Оқушыларды ұлтжандылыққа, имандылыққа, инабаттылыққа, халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеуге, сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілік : Кітап көрмесі жасалды.Көрмеге Қазақ халқының салт-дәстүр, Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті, Қазақ халқының ұлттық киімдері, кітаптары қойылды және Слайд «Қош келдің, әз наурыз» көрсетіліп көрсетіліп, шар ілінді.
22 наурыз мерекесі қарсаңызда кітапхана ұйымдастырған 18 наруыз күні
7 «А», 7 «Ә», 7 «Б», сынып оқушыларының арасында ұлттық салт -дәстүрімізді дәріптеуге, құрметтеуге арналған ойын –сайысы болып өтті.Көрермен ретінде мұғалімдер мен жетінші сынып оқушылары қатысты.Оқушылар барлық бес бөлімнің шартын орындады.
1.Бөлім Таныстыру

2- бөлім «Ағаш көркі жапырақ» деп аталады. Бұл бөлімде сайыскерлеріміз жапырақтарды алып, ондағы сұрақтар жауап береді. Жауап берген соң жапырақты мына талға іліп, ағашты безендіреді.

3- бөлім. Әр жұп өз өнерлерін көрсетеді.Ән,күй,би,аспаздық өнер,сурет салу тағы басқа.

4- бөлім.«Сұраққа толық жауап бер» деп аталады.

5. «Асық ойнаған азбайды» ұлдар асық ойнайды

6. Ою ойғанның ойы ұшқыр», қыздар ою ояды

Әділ қазылар сөзі:Бірмағанбетова Әсемкүл апай командылардың бес сайыс бойынша жинаған ұпай саны мен әр бөлімде кеткен олқылықтар мен жақсы жағын талдай келе,. әділ қазылардың шешімімен 109 бал жинағаны үшін бұл сайыста 7 «А» сынып оқушылары 1 орын, 105 балмен 7 «В» сынып оқушылары 2 орын иеленді

МАРАПАТТАУ: Құттықтау сөз мектеп директоры Әлия Сексенова Серғазы қызына берілді. Ол кісі оқушыларға наурыз мерекесінің күн мен түннің теңелуі мен қатар табиғаттың жаңару жайында әңгімелеп берді. Оқушыларды құттықтап мадақтама мен ескерткішке кітап табыс етті.

Іс-шара соңы:Ескерткіш ретінде ұстаздар мен оқушылар және көрермендер фотоға түстік

22 наурыз қарсаңында кітапхана «Ұлыстың ұлы күні наурыз», «Төрлет әз-наурыз» тақырыбында жасаған кітап көрмесі


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
