«ҮШ ҰРПАҚТЫ КЕЗДЕСУІ»

19.04.2017



19 сәуір күні №15 мектеп-лицейінде «ҮШ ҰРПАҚТЫ КЕЗДЕСУІ» атты үлкен іс-шара өтті.
Осы іс-шараға соғыс ардагерлері, тылда жұмыс істеген ардагерлер және ауған соғыс ардагерлері қонақ болды.
Іс-шараға Астана қаласының Ардагерлер Кеңесінің төрағасы Есилов Сасызбай Сейтжанович пен Сарыарқа ауданының Ардагерлер Кеңесінің төрағасы Ахметов Габбас Елеусизовичтердің басшылығымен ардагерлер қатысты.
Ардагерлер бірінші қабатта Ауған арлагерлеріне арналған мемиоралдық тақтаға гүл шоғын қойды.
Мектебіміздің жиын залында өткен іс-шараны мектеп директоры Бауыржан Қапарұлы құттықтау сөзімен ашты.
Бірінші бөлімінде Астана қаласының Ардагерлер Кеңесінің төрағасы Сасызбай Сейтжанович пен Сарыарқа ауданының Ардагерлер Кеңесінің төрағасы Габбас Елеусизович мектеп директоры Бауыржан Қапарұлын мақтау қағазымен және сыйлық табыс етті. Кездесуге келген ардагерлер өздерінің жылы лебіздерін және бастан кешкен оқиғаларды оқушыларға жеткізе білді.
Екінші бөлімінде мектеп оқушылары өз өнерлерін көрсетті. Мектебіміздің «Гүлнар» би тобы «Журавли», «Валенки» «» биімен ашты. Мектебіміздің музыка пәнінің мұғалімі Жолшибекова Ұлжан Мейрбекқызы «Баллада о матери» әнін көрермендердің жүректеріне жеткізе білді. Оқушылар соғыс туралы тақпақтарын айтты. 6 сынып оқушылары «Синий платочек» әнін қойылым және би арқылы көрсетті. 10 «А» және 5,6 сынып оқушыларының қатысуымен «Нұрлы Қазақстан» әнімен аяқталды.
Мерекелік концерт соңында ардагерлер мектептің «Әскери және еңбек даңқы» атты мұражайына барды, онда муражай туралы ақпаратпен мектеп оқушылары мен жетекшісі Алия Советқызы таныстырды. Мерекелік концерттен кейін қонақтарға үстел мәзірі ұйымдастырылды.






  



 















Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено