Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

Әлеуметтік желілерге тәуелділіктің жасөспірім психологиясына кері әсері

Мақсаты: Оқушыларға әлеуметтік желілердің  кері әсері туралы мағлұмат беру және оны алдын – алу.

Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебінде «Әлеуметтік желілерге тәуелділіктің жасөспірім психологиясына  кері әсері»  атты тақырыбында мектептегі сынып сағаттарында мектеп инспекторымен бірігіп түсіндіру жұмысы өтті. Мектеп психологы М.Е. Дүкенбаева «әлеуметтік желілердің жасөспірім психологиясына  кері әсері. 

1.Есте сақтауға қабілетінің  төмендеуі, білімге деген мотивациясы жоғалуы, уақытты  дұрыс үнемдемеуі, ұйқы режимінің  бұзылуы, ішкі агрессияның қозуы, шынайы өмірден алшақ кетуі, ерте жыныстық жетілуі, физиологиясына кері әсері (салмақ, іс – әрекет, көз), аутодеструктивті мінез-құлық  қадамдарына  ықпал ету, айналасына зейінді болуы  төмендейді.

Интернет–тәуелділігінің қалыптасуы біртіндеп жүреді дей келе 4 кезеңге бөлінетінін атап өтті.

  1. Жеңіл қызығушылық кезеңі.

Бала алғашқы рет компьютерлік ойын ойнағаннан кейін ойынның сюжеті ұнай бастайды

  1. Қызығушылық кезеңі.

Бұл кезеңде балада жаңа қажеттілік пайда болады – компьютерлік ойын ойнау қажеттілігі.

  1. Тәуелділік кезеңі.

Мұнда баланың құндылықтық–мағыналық сферасында күрделі өзгерістер пайда болады

  1.  Құштарлық кезеңі.

Бұл интернет тәуелділіктің ақырғы кезеңі

Психологиялық кеңес

Интернет тәуелділіктен арылуды сол пошта тексеруге арнайы уақыт тағайындаудан бастау керек. Арнайы уақыт тағайындаңыз да сол ережеден ауытқымаңыз.

Өзіңізге жаңа қызығушылық не хобби ашыңыз. Түрлі қауымдастықтар мен клубтарға барыңыз, спорт, музыка, би, ән айтумен және т.б. шұғылданыңыз. Досыңызы ертіп дене шынықтырумен айналысыңыз. Кинотеатрға, концертке барыңыз, кітап оқыңыз. Жалпы интернеттің орнын баса алатын бір қызығушылық табыңыз.

Білім деңгейіңізді көтеріңіз. Үйіңізде бұрыннан оқығыңыз келіп жүрген кітаптар бар шығар. Соларды оқуға кірісіңіз. Википедияның орнына энциклопедия оқыңыз. Осылайша интернеттен алшақтап қана қоймай, өз біліміңізді де жетілдіресіз.

Ас үйге көңіл бөліңіз. Чатта не болмаса форумда отырудың орнына анаңызға кешкі ас дайындауға көмектессеңіз, үйдегілердің бәрі қуанып қалары сөзсіз.

Достарыңызбен қыдырыңыз. Боулингке, сауда орталығына, сырғанаққа баруды жоспарлап, қыдырыңыз. Интернет қолжетімді жерлерге барудан бас тартыңыз, мысалы, интернет-кафеге.

Отбасылық кеш ұйымдастырыңыз. Мысалы, күнделікті теледидарға не мониторға телміргенше, кешкі астан кейін жиналып, үстел ойындарын ұйымдастырып, ойнаңыздар.

Компьютерде отыру уақытын шектеңіз. Күніне осынша сағаттан осыншаға дейін отырамын деп арнайы уақыттағайындаңыз. Аптасына қанша рет шығу керектігіне де кесте жасаңыз. Егер жұмысыңызды аяқтасаңыз, тез шығып кетуге тырысыңыз.

Достарыңызбен интернет арқылы сөйлескенше, кездесіп әңгімелесуге тырысыңыз. Әлеуметтік желілерге көп уақыт бөлмеуге тырысыңыз.

Таймер қолданыңыз. Компьютерге отырарда таймерді 30 минутқа қойып қойыңыз. Сигнал компьютер алдында қанша уақыт отырғаныңыз жайлы хабар беріп отырады.

Компьютер алдында тамақ жемеңіз. Ас үйге барып, тамақ ішу онлайн режимнен біраз уақытқа болса да босатады.

Мектеп инспекторы А.А. Алиасқар қазіргі таңда ғаламтордағы қаптаған сайттар арасында адамзатқа қауіпті, әсіресе, өскелең ұрпаққа зиянды ақпа­рат­тар жетіп артылады. Тіпті, әлемдік «торды» жиі пай­­да­ланатын жасөспірімдердің зиянды әрекеттерге бой ұрып, психикалық ауруларға душар болуы мүмкін. Сондықтан, бұл орайда реттеуші құрал керек. Айта кетерлігі, Қазақстан – интернетке белгілі бір шектеу қойған мемлекеттердің бірі. Сол себепті әлеуметтік желілерге кіргенде қауіпсіздіктісақтауды ескертті.

Көптеген оқушылар қазіргі таңда әлеуметтік желілерге тәуелді екенін жасырмайды. Ата-аналармен   бірлесе отырып әлеуметтік желіні  пайдалану ережелері қарастырылды.

          


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь