«Білім мазмұнын жаңарту: мүмкіндіктері мен мәселелері»

19.04.2017

         Бүгін Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектебінде Астана қаласы Білім Басқармасының жоспарына сәйкес «Білім мазмұнын жаңарту: мүмкіндіктері мен мәселелері» тақырыбында қалалық семинар өткізілді.
Білім мазмұнын жаңарту жағдайында жұмыс жасаудың тағы да бір жылы аяқталып қалды. Бұл кезеңнің қиындықтары 1-ші сынып мұғалімдеріне түсті. Басқа сыныптар жұмыс жасағанға дейінгі мәселелерді анықтау жұмысы жүргізілді. Семинардың мақсаты білім мазмұнын жаңарту жағдайында жұмыс жасау мәселелерін анықтау және оларды шешудің тиімді жолдарын анықтау болды.  Сондықтанда, семинар барысында сабақтар жүргізгеннен гөрі «Педагогикалық ізденіс» іскерлік ойының өткізгенді ұйғардық. Бұл жұмысты мектептің даму тобының 1-ші және 2-ші деңгей мұғалімдері Тукенова Ж.К., Рябченко Н.Г., Карбаева Б.А. жоғары деңгейде өткізді. Мұғалімдер видеосұрақтарда берілген жағдайларды топқа бөліну арқылы талдап, аталған мәселелерді шешуге өз ұсыныстарын білдірді. Семинарға қалалық 27 мектептің 49 мұғалімі қатысты. Бұл семинар ұйымдастырушылар мен қатысушыларға тәжірибе алмасуда көп септігін тигізді. Мұғалімнің оқушылармен жұмыс жасау мүмкіндіктерін мектеп психологы Нурмаханова С.Б. өз оқу тренингінде көрсете білді. Семинардың қорытындысын шығару бойынша қатысушылардың  ұсыныстары көрсетілген «Педагогикалық идеялар тақтасы» ұсынылды.
         Семинардың сарапшылары ретінде шақырылған қонақтар: ПШО тренері Мукутов Т.К., Білім басқармасының әдіскерлері Каскабаева Р.К. мен Мендыбаева А.Т., Астана қаласы әкімдігінің «Білім беруді жаңғырту орталығы» КММ психологиялық қызмет кабинетінің меңгерушісі Садвакасова А.А. сөз сөйледі. Семинарға қатысушыларға пайдалы болып «Ашық микрофон» танылды. Мұғалімдер өздерін толықтырған сұрақтар қойып, білікті мамандардың кеңестеріне құлақ асты.




Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено