«Менің сүйікті Астанам» мәнерлеп оқу сайысы
16.05.2017
Мектебіміздің салтанат залында даярлық сыныптар арасында «Менің сүйікті Астанам» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Мектеп директоры қазылық еткен сайыстың қорытындысы бойынша І орынды 0 «А» сыныбының оқушысы Асқар Жанель жеңіп алды. ІІ орын 0 «А» сыныбының оқушылары Алмазқызы Айзерек пен Атамбаева Дильназ және 0 «Ә» сыныбының оқушылары Сапи Кәусар мен Қасымбек Назымға бұйырды. ІІІ орынды 0 «В» сыныбының оқушысы Әбенов Әбілмансұр мен 0 «Г» сыныбының оқушысы Алтынбекқызы Раянна бөлісті. Жеңімпаз бен жүлдегерлер мақтау мағаздарымен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.

Ұйымдастырушы педагог: Болатбек Б.
Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено