Болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына жалпы мектептік ата-аналар жиналысы
13.09.2017
2017 жылдың 28 тамызында гимназияның акт залында болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өткізілді. Ата-аналарды әкімшілік пен келесі оқу жылында бірінші сыныпты алатын мұғалімдер қарсы алды.
Гимназия директоры Т.К.Крылова бірінші сыныптың оқу үрдісіне тоқталып, ата-аналардың сұрақтарына жауап берді.
Директордың орынбасары Е.В.Логвина оқушылардың оқу жетістіктерін бағалайтын жиынтық бағалау туралы ақпарат берді. Елена Васильевна ата-аналарды қалыптастырушы және жиынтық бағалау түрлерімен таныстырып, балаға оқу кезінде көрсетілетін көмектесу жолдарымен таныстырды.
Кейін әлеуметтік педагог Р.Ә.Жақиянова сөз сөйледі. Ол түрлі классификациялар бойынша отбасы түрін анықтау мақсатында жүргізілетін диагностикаларға тоқталды. Роза Әлібекқызы аз қамтылған отбасылар санатына қажетті құжаттар тізімімен таныстырды.
Жиналыс сыныптар бойынша тренинг түрінде өтті. Тренингтің мақсаты: ата-аналар бойында жиынтық бағалаудың ерекшеліктері мен оқу үрдісіндегі бағалау жүйесінің функциялары туралы түсінік беру. Топта жұмыс істеген ата-аналар жиынтық бағалау ерекшеліктеріне тоқталып, оның дәстүрлі бағалаудан артықшылығын тауып, баланың ынтасын арттыруда кері байланыстың мағынасы мен ата-аналардың рөлдеріне тоқталды.
Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено