Жастар арасындағы өзекті дін мәселелер іс-шарасы
17.10.2017
Жастар арасындағы өзекті дін мәселелер іс-шарасы
12-ші Қазан күні «Кәсіптік және техникалық колледж» қабырғасында, Астана қаласының Білім Басқармасы Жастар саясаты мәселелер басқармасының қолдауымен «Жастар арасындағы өзекті дін мәселелері бойынша іс-шаралар кешені» атты жобасы аясында кезекті дәріс болып өтті.
Бұл іс-шарада ҚМДБ жанындағы «Хикмет» телерадиостудиясының директоры Ерболат Айтбайұлы, «Әзірет Сұлтан» мешітінің имамы Бақытжан Өткелбаев, модератор – Бекжан Буртебаев, сонымен қатар директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Ұлтарақов Женіс Райыпұлы қатысып, көпшілік қауым алдында өздерінің дәрістерін оқып, сөз сөйледі.
Кездесуге колледж қызметкерлері, оқытушылары, топ жетекшілері және колледж студенттері, жалпы саны 200-ден астам жан қатысты. Кездесу барысында сарапшылар өздерінің тақырыпқа байланысты баяндамалар жасап, іс-шара қорытындысында ашық түрде сұхбат ұйымдастырды. Сұхбат барысында қазіргі таңдағы жастарды толғандырып жүрген сұрақтары қойылып, талқыға салынды.
Жобаның негізгі мақсаты жастардың діни сауаттылығын арттыру, ресми интернет ресурстарымен танысу, ел арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және мәдени құндылықтарымыз бен дәстүрлерімізді насихаттау арқылы қоғамдық санаға ықпал ететін теріс идеялардан сақтандыру болып табылады.

Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено