«Күзгі науқан» сахналық қойылымдар сайысы
18.10.2017
18.10.2017ж. мектебіміздің 3-сынып оқушылары арасында «Күзгі науқан» тақырыбында сахналық қойылымдар сайысы ұйымдастырылды. Күзгі еңбектің маңыздылығын, егін шаруашылығы науқанының ерекшелігін насихаттау мақсатында ұйымдастырылған іс шараға 3-сынып оқушылары белсене қатысты. Ең танымал мультфильмдер мен қиял-ғажайып ертегілердің кейіпкерлерін сомдап, өнер көрсеткен бүлдіршіндеріміздің өнерін мектеп ұжымыммен қатар ата-аналар да тамашалады. Сыныптар барынша дайындалып, сахналық безендіру мен костюмдерді жоғары талғаммен таңдағандары байқалады. Сайысымыз тартысты өтіп, көрермендерге ерекше көңіл-күймен қатар мол тәрбие бергенін сайыс соңындағы ата-аналар мен мұғалімдердің қошеметінен байқадық.

Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено
