Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

«Мектеп пен ЖОО-ның өзара әрекеттесуі» ғылыми әдістемелік кеңесінің мәжілісі

2017 жылдың 21 қараша күні Астана қаласы №48 мектеп-лицейде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің мектеппен бірлескен Ғылыми-әдістемелік кеңесінің көшпелі мәжілісі болып өтті.

Ғылыми-әдістемелік кеңесі мәжілісінің мақсаты – Мектеп пен ЖОО-ның өзара табысты әрекеттесуі үшін жағдай жасау: оқу-әдістемелік өзара іс-қимыл; білім беру жүйесінде түлектерді жұмысқа орналастыру; инклюзивті білім беруді ұйымдастыру және әдістемеліктермен қамтамасыз ету.

Көшпелі мәжілісті Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Ғылыми-әдістемелік кеңесінің төрайымы, бірінші проректор – оқу ісі жөніндегі проректор Әсемгүл Молдажанова және №48 мектеп-лицей директоры Зәуре Садықова құттықтау сөз сөйлеп ашты.



Мектеп директоры Зәуре Садықова «Мектеп және Жоғары оқу орны өзара іс-қимылының  әлеуеті» тақырыбында әңгіме қозғап, білім беруді жаңғыртуға бағытталған бағдарлама  нәтижесінде елімізде «Мектеп - Жоғары оқу орны» өзара әрекеттесуі белсенді түрде  дамып келе жатқанын атап өтті.

Мектеп психологы Жұлдыз Азимбаева инклюзивті білім беруді ұйымдастыру тақырыбындағы баяндамасымен ой бөлісті . Сондай-ақ, №48 мектеп-лицей ұстаздары ашық сабақтар көрсетіп, әдістемелік шеберліктерімен көзге түсті.  Көшпелі мәжіліске қатысушылар жиын соңында тағылымды шараны қорытындылап, мектеп-лицейдегі биология зертханасының ашылуына қатысты.




Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения | Создать обсуждение

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0