Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

ҰСТАЗДАР ӘУЛЕТІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

Қалалық Білім басқармасы мен «Әділет» педагогика еңбеккерлері кәсіподағының ұйымдастыруымен Отбасы күні, Еңбек және Ұстаздар күндері аясында елорданың үздік 20 ұстазын марапаттау рәсімі өтті. салтанатты Шара барысында еңбек өтілдері 100 жылдан асатын еңбек әулеттерінің мүшелері мен жас тәлімгерлердің еңбегі еленді.

Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин ұлағатты ұстаздарды құттықтап, марапаттады. Олардың арасында №54 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Гүлбарша Бүркітбайқызы да бар (әулеттің жалпы өтілі – 341 жыл).

Мұғалім – мұхит тұңғиығындай терең білімді адам. Оның білігі мен білімі тайызда емес, тереңде. Ана да, дана да, ақын да, хакім де – бәрі-бәрі сол ұстаздан тәлім алады. Сондықтан ұстаздық бар мамандықтан биік. Осындай биік мамандыққа біздің әулетіміз өте үлкен үлес қосқан. Мен оны бүгінде мақтанышпен айта аламын. Біздің балаларымыз да осынау қасиетті мамандықты игереді, еліне еңбек етеді деп ойлаймын. Еңбегімді бағалап, құрмет көрсеткендері үшін Білім басқармасына алғыс айтамын, – дейді Гүлбарша Бүркітбайқызы өз әсерімен бөлісіп.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения | Создать обсуждение

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0