Студенттердің жетістіктері
13.12.2017
«Шеврон» компаниясы мен Британдық Кеңестігі бірлесе отырып төрт жыл бойы «I-SEED: инновациялық – әлеуметтік кәсіпкерлік және білім беру» жобасын жүзеге асыруда. 2017 жылы жоба Астана қаласында жүзеге асырылды.
Бұл жобада біздің колледж студенттері қатысты. Жоба аясында қатысушылар үшін тренингтер ұйымдастырылды және әлеуметтік жобаны ұйымдастыру және жүзеге асыру арқылы алынған білімдері мен дағдыларын тәжірибеде көрсетуге мүмкіндік берілді.
2017 жылдың 9 желтоқсанында «Кухня WE» кафесінде жобасының жабылуы өткізілді, сондай-ақ қатысушылар сертификатпен және серіктестіктер алғыс хатпен марапатталды.
Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено