Жас Ұлан балалар мен жасөспірімдер ұйымының Ұланбасы сайлауы
16.01.2018
«Жас Ұлан» ұйымының жұмысын жан-жақты жүргізу, қоғамдағы балалар ұйымының рөлін арттыру, мектептегі оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында №55 орта мекепте «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының Ұланбасын сайлауы өтті. Мектеп ұланбасы болуға 8-10 сынып оқушылары ішінен барлығы 12 оқушы өз өтініштерін алдын-ала тапсырды. Соның ішінен 7 оқушы қатысты. Олар: Балгашева Риза 10 сынып, Есмурзинов Әділет 9 б сынып, Данияров Дамир 9 в сынып, Октябрь Жібек 9 а сынып, Бота Байдулла 8 ә сынып, Назым Қасымова 9 ә сынып, Бекпанова Аяна 8 а сынып оқушылары. Сонымен қатар, сайлауалды бағдарламалары әзірленді. Сайлау комиссиясы 6 адамнан құрылды. Олар: Тәрбие ісі меңгерушісі- Темирова Дамет Махметқызы,Тулегенова Данар – мектеп тәлімгері, Демеуова Мадина – мектеп психологы, Дамелі Бимағанбетқызы -қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, Абдрахманова Шамшия-математика пәні мұғалімі, Аканова Айнур Джамбулқызы- әлеуметтік педагог.Қазіргі таңда дауыс беру әлі жалғасуда.
Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено