ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
16.01.2018
Салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортпен шұғылдану – деніміздің сау болуының негізгі кепілі. Осы мақсатта Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен 13 қаңтар күні №81 "Astana English school" гимназиясында білім беру мекемелер арасында волейболдан жарыс өтті. Жарысқа 67 гимназия, 71 мектеп, 78 мектеп, 24 мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімдері қатысты. Тартысты бәсекеде командалар бар шеберліктерін көрсетті. Шабуыл жасалып, қорғанысқа да шыққан мұғалімдер өз командалары үшін аянып қалмады.Қызу тартысты өткен жарыстың нәтижесінде
1-орын 71 гимназия
2-орын 78 мектеп
3-орын 81 гимназия командалары иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен медальдар табыс етілді. Гимназияның дене шынықтыру мұғалімі Балкен Бағдат "ҮЗДІК ШАБУЫЛШЫ" номинациясына ие болды.
3- орынға ие болған гимназиямыздың ер азаматтарын құттықтаймыз! Жарайсыздар, әріптестер!
Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено