Еңбек нарығының қазіргі заманғы талаптарын ескере отырып студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру

14.02.2018

2018 жылдың 9 ақпанында Астана қ. білім Басқармасының кестесіне сәйкес колледжімізде техникалық және кәсіптік білім берудің өндірістік оқыту шеберлері үшін «Еңбек нарығының қазіргі заманғы талаптарын ескере отырып студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру» тақырыбында қалалық семинар өткізілді. Семинарға Астана қаласының 17 колледжінен 30 оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері  қатысты. 
Қалалық семинар барысында өндірістік оқыту шеберлері үшін өндірістік оқыту бойынша үш сабақ және бір сынып-шебері өткізілді. Жумабаева Г.Т. «Қонақ үй шаруашылығына қызмет көрсетуді ұйымдастыру» мамандығы бойынша өзінің өндірістік сабағын "Жасыбай-М" қонақ үйі институционалдық әріптестер базасында өткізді. Узбайрова А. Т. «Туристік-спорттық дайындық негіздері» тақырыбында қызықты сынып-шеберін ұйымдастырды.  Өндірістік оқыту шеберлері үшін арнайы пәндер оқытушысы Жұмажанов Т.Д. өз сабығында білім алушылардың шиналарды монтаждау және демонтаждау бойынша жұмыстарын көрсетті.
Әріптестер өндірістік оқыту шеберлері Шакиева Н.А., Хижинская А.А. ұйымдастырған «Бастаушылар үшін торттар" тақырыбындағы өндірістік сабағын жоғары бағалады.
Барлық өткізілген сабақтар жоғары бағамен бағаланды.
          Өндірістік оқыту шеберлері еңбек нарығының қазіргі заманғы талаптарын ескере отырып студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру бойынша өзінің педагогикалық қызметіннің нәтижелілігін көрсете білді.  



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено