Өнерлі өрендер 2018 жылдың 9сәуір -18 сәуір аралығында талантты балалардың шығармашылығының жан-жақты ашылуын бағыттайтын XІІ «Шаттық» қалалық конкурсы Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арналып өткізілді.

18.04.2018

          2018 жылдың 9сәуір -18 сәуір аралығында  талантты балалардың шығармашылығының жан-жақты ашылуын бағыттайтын  XІІ «Шаттық»  қалалық  конкурсы  Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арналып  өткізілді.

         Шаттық–бұл тек жарыс қана емес, бұл бұл үздік педагогтардың, музыканттардың, хореографтардың қажырлы еңбектері арқасында құрылған балалар шығармашылығының шеберханасы.  
    Мектеп оқушылары конкурсқа  үш жас санаты  8-11, 12-14, 15 жас одан жоғары қатысып, 7 жанр бойынша сынға түсті.
    «Халық аспабы» номинациясы  бойынша  6 «Г» сынып оқушысы Жанболатұы Бекзат  «Қола» медальға ие болды, «Наркескен» домбырашылар ансамблі «Күміс» медальға ие болды. Жетекшісі Мөңкебаев Марат Жарылқасынұлы.
   «Вокал» жанры «Эстрадалық ән» номинациясы бойынша 6 «В» сынып оқушысы Хамзин Әділ, жетекшісі Ж.Жапарова,   «Халық әні»  номинациясы бойынша  
4 «Г» сынып оқушысы Қойтаева Нүргүл,  жетекшісі М.Омиров  дипломмен марапатталды.
     «Хор» жанры бойынша 4-5 сынып оқушыларынан құралған  «Алау» хор ұжымы дипломмен және арнайы «Нұр Отан» партиясының дипломымен  марапатталды,  жетекшісі М.Омиров.
    «Театр» жанры бойынша оқушыларымыз дипломға ие болды,  үйірме жетекшісі Қ.Ежембеков. 11 «Б» сынып оқушысы Нұрғалиев Шерхан артистік қабілетінің ерекшелігімен көзге түсіп  жеке дипломмен марапатталды. 
   «Хореография» жанры бойынша «Серпін» би тобы дипломмен марапатталды, жетекшісі  Д. Кусаинова.
 «Фотосурет» жанры бойынша  10 «А» сынып оқущысы Дильназ Балғабекова,  жетекшісі Г.Бимендина дипломмен марапатталды. 
     «Бейнелеу өнері» жанры бойынша  9 «В» сынып оқушысы Сағатова Мадина, жетекшісі Муканова Айсулу,  6 «Б» сынып оқушысы Доскенова Сабина, жетекшісі Қосалиева Айгуль дипломмен марапатталды.
     «Киім дизайны» жанры  бойынша  5 «Ә» сынып оқушысы Жансерикова Нұрай, жетекшісі Ж.Серікова   дипломмен марапатталды.
      Мектеп қоржынына   1 «Күміс» медаль, 1 «Қола» медаль,  10 диплом түсті. Жеңімпаздарды құттықтаймыз! 

 

  

 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено