Жалпыұлттық ата-аналар жиналыс

15.05.2018

          15.05.2018 ж.  Ата-аналарды мемлекеттік білім беру саясатының бағыттары, орта білім беру жүйесінің жетістіктері, мектепті басқаруда педагогтар мен ата-аналардың күш –жігерін біріктіру, «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру шеңберінде   «Білімді ұлт –білім берудің және отбасылық құндылықтардың сапасы» атты жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтті. Бұл жиналыс  қоғамның  маңызды бір бөлігі, ұлттың бүгіні мен ертеңі болып табылатын  Халықаралық  отбасы күніне  орай арнайы ұйымдастырылды. Ата-аналарды мерекемен құттықтай отырып,  мерекелік концерт ұйымдастырылды. Жиналыс барысында  Қазақстан республикасы білім беру жүйесінің жетістіктері,  «Жыл табысы» мектептің білім беру жүйесіндегі жетістіктері, мектеп оқушыларын тәрбиелеудің негізі ретінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру, білім алушылардың қорытынды аттестатау және оқу жылының қорытындысы  туралы айтылды.   Ата-аналарға маңызды болып табылатын  бейне роликтер көрсетілді. Отбасы мен мектептің өзара іс-қимылын күшейту үшін  қажет қамқоршылар кеңесі туралы айтылды.  Жиналысқа Астана қаласы Білім басқармасының  бас маманы Турабекова  Лаура  Гаухарбекқызы қатысып,   кәсіптік бейімделу бойынша ақпараттық – насихаттау   кітапшаларын таратты. Әрбір отбасының өркендеуімен біздің Қазақстанымыз, Отанымыз нығая   берсін.   

  

  

  



 
 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено