Мектебімізде бүгін «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік» атты іс шара өткізілді.
17.10.2018Бүгін №58 мектеп-гимназиясының «Жас жол сақшылар» тобы және жетекшісі Алғашқы әскери дайындық пән мұғалімі Камелаш Гүлмереймен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Арапова Баян Қуатқызының ұйымдастыруымен бастауыш сынып оқушылары арасында көшеде жүру ережесі бойынша қалыптасқан оқушы түйсіктерін, білімдерін пысықтап, сынып оқушыларын жолдастыққа, сақтыққа тәрбиелеу мақсатында «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік» атты іс шара өткізілді. Бұл іс шара мектебіміздің ішінде және далада бастауыш сыныптың ата-аналарының қатысуымен жүзеге асырылды. Мектеп инспекторы Қайыржанова Тазагүл Картаевна жаяу жүргіншіден өту тәртібін қөрсетті.
Сонымен қатар, мектебімізде «Жас Ұлан» ұйымының көшбасшыларының ұйымдастыруымен «Жолда жүру ережесін білейік!» тақырыбында жолда жүру белгілерімен таныстыру жұмыстары жүргізілді.









Сонымен қатар, мектебімізде «Жас Ұлан» ұйымының көшбасшыларының ұйымдастыруымен «Жолда жүру ережесін білейік!» тақырыбында жолда жүру белгілерімен таныстыру жұмыстары жүргізілді.









Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено