Тұмаудың алдын алу
17.10.20182018 жылдың 17 қазан күні 9-11сыныптар арасында «Жедел респираторлық вирустық инфекция, тұмау мен пневмококтық инфекциялардың алдын алу» тақырыбында ШЖҚ МКК №13 қалалық емхана дәрігері Толебаева Ботагоз Ганиевна дәріс оқыды. Дәрістің мақсаты: салауатты өмір салтын қалыптастыру негіздерін нығайту, оқушылардың өз денсаулығына деген жауапкершілігін қалыптастыру болды. ЖРВИ және тұмау ауруларын тоқтатудың алдын алу шараларына тоқталды. Спецификалывқ емес профилактикалармен де жете таныстырды. Дәріске қатысқан барлық оқушылар «Тұмау», «Пневмококтық инфекциялардың алдын алу» тақырыбында толық мағлұмат алды. Ботагоз Ганиевна оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттап, дұрыс өмір сүру қағидаларын жеткізе айтты. Саламатты өмір салтын қалыптастырып, жарқын болашаққа нық қадам жасауымыз керек. Сонда ғана еліміз үшін алынбайтын асу қалмайды.
Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено