«Бақытты отбасы - бақытты балалық шақ!»
17.10.20182018 жылдың 17 қыркүйегінде Отбасы күніне орай №84 мектеп-лицейінде «Бақытты отбасы - бақытты балалық шақ!» атты іс-шара өткізілді. Шараны ұйымдастыруда директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Хавдалсейт Б. және мектеп психологтары Кабылгалиева А.Е. мен Абдрозякова Ю.Н. ат салысты. Оқушыларға тәттілер таратылды, олар тәтті қабықтарын постерге жабыстыра отырып, отбасы сұлбасын жасады. Бұл шараның мақсаты – оқушыларға отбасының бақытты болуы олардың қолында екендігін жеткізу. Отбасы сұлбасын жасау барысына оқушылар қуана, әрі белсене қатысты. Сонымен қатар 5-сынып оқушылары арасында «Ақ түймедақ» акцияс өткізілді.Түймедақ – отбасылық, сүйіспеншілік пен адалдықтың белгісі. Ақ түс қарапайымдылық пен нәзіктіктің, ал сары түс тазалық пен отбасылық жылудың белгісі спетті
Отбасы – бұл әлем және біздің балаларымыз! Әлемде отбасыдан қымбат, әрі маңызды ештеңе жоқ!
5-ші сынып оқушылары гүл шоқтарын қиып, оған өздерінің отбасыларындағы жеті ережені қуана жазды. Кейін әрбір оқушы өз суретін отбасымен бөлісу үшін үйіне алып кетті. Балалар осы акцияның болғанына қанағаттанды. Балаларыңызға өз сүйіспеншілігіңізді сыйлаңыз!







Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено