Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

Жалпы мектепшілік ата-аналар жиналысы

Жалпы мектепшілік ата-аналар жиналысы

Хаттама

№55 орта мектеп

Мерзімі: 04.01.2019ж

Жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысына  1 – 11 сынып  ата – анасы қатыстырылды.  Күн тәртібінде мына мәселелер талқыланды:

 1.1 жарты жылдық бойынша оқу тәрбие жүйесінің есебі;

2.Бюджеттік қордың орындалу есебі мен жаңа жылға бөлінген бюджеттік есеп.Мектеп директоры: Казмуханбетова Ж.Т.

3.Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру есебі; Әлеуметтік педагог : Аканова А.Ж.

4.Қамқоршылық кеңесінің жұмыс есебі. Қамқоршылық кеңес төрайымы: Бегалинова О.А

1.Бірінші мәселе бойынша оқу тәрбие ісінің меңгерушісі: Утаева Г.К. 1 жарты жылдық бойынша мектептің білім сапасын 1 тоқсанмен салыстыра отырып, ата-аналарға жеткізді.Сондай-ақ оқушылар мен мұғалімдердің жетістіктерін атап шықты. Тәрбие ісінің меңгерушісі Темирова Д.М. мектеп оқушыларының тәрбие жүйесінде түрлі іс-шараларға қатысып, жүлделі орындарға ие болған оқушылар мен мұғалімдерді атап шықты.

  1. Екінші мәселе бойынша мектеп директоры Казмуханбетова Ж.Т. Бюджеттік қордың орындалу есебі мен жаңа жылға бөлінген бюджеттік есебін ата –аналарға жеткізді.Мектептің алға қойған мақсат міндеттерінің орындалуы және қадағалау жөнінде толық ақпарат берді.Алдағы уақыттағы жоспарланып отырған жөндеу жұмысы кезіндегі мектептің ішкі сыртқы күрделі жөндеу жұмыстары жайлы айтты.
  2. Үшінші мәселе бойынша әлеуметтік педагог Аканова А.Д.оқушыларды ыстық тамақпен тамақтандыру мен киім кешекпен қамтамасыз ету жайлы толық мәлімет беріп шықты.

4.Төртінші мәселе бойынша қамқоршылар кеңесінің төрайымы

Бегалинова О.А. кеңес мүшелерінің бірінші жарты жылдықта  істеген жұмыстары туралы қысқаша айтып өтті. Жылдың басында оқушылардың сабаққа қатысуы, әлеуметтік жағдайына көңіл бөлінгендігін айтты. Оқушылар себепсіз сабақ қалдырмайды. «Денсаулық» фестивалі, «Мектепке жол» акциясы, «Күзгі балл», «Отбасы» күні, «Еңбек» күні, «Қарттар» күні сонымен қатар мектепішілік іс-шаралардың өткізілу барысында бірге болғандарын айтып өтті.

Шешім:

  1. Балалардың сапалы білім алып,бәсекеге қабілетті, болашақтары жарқын болулары үшін ата-ана мен ұстаздар арасындағы жұмыс түрі күшейсін;
  2. Мектепшілік қамқоршылық кеңесінің жұмысы одан әрі жандандырылсын. 

      

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения | Создать обсуждение

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0