Учитель-новатор 2019

15.01.2019

Сәлеметсіз бе!


Bilim Media Group компаниясы ұстаздардың білім беру саласында ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуына қосқан үлесін бағалап, ынталандыру мақсатында жаңашыл мұғалімдерге арналған «Жаңашыл мұғалім-2019» республикалық байқауының басталғанын жариялайды.

Байқау осы жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің (29.11.2018 ж. №656 бұйрық) «Ұсынылған пәндік олимпиадалардың, кәсіби конкурстардың, ғылыми жобалардың, спорттық жарыстардың және басқа да шығармашылық іс-шаралардың тізбесіне» енді.

Облыстағы барлық мектепке байқаудың жарияланғаны туралы хабарлап, әр ұстаздың осы байқауға қатысып, бағын сынауға, АКТ-ның дамуына өз үлесін қосуға және бас жүлдені ұтып алуға мүмкіндігі бар екенін жеткізуіңізді сұраймыз.

Байқау 2 кезеңнен тұрады:

1-кезең: Сабақ жоспары. Мерзімі: 19.12.2018 – 01.03.2019.

2-кезең: Видеопрезентация + сабақтың бейнеүзігі. Мерзімі: 18.03.2019 – 26.04.2019.

Қатысушылар 4 аталымның бірі бойынша сайысқа түсе алады:

1.     «Сабақтағы АКТ» – сыйлық: Жеңімпаз дипломы + 500 000 теңге.

2.   «Тәрбие жұмысындағы АКТ» – сыйлық: Жеңімпаз дипломы + 500 000 теңге.

3.  «АКТ-ны қорытынды аттестаттау немесе ҰБТ-ға дайындықта қолдану» – сыйлық: Жеңімпаз дипломы + 500 000 теңге.

4.    «Шағын жинақты мектептегі АКТ» – сыйлық: Жеңімпаз дипломы + 500 000 теңге.

●      Байқау ұйымдастырушылары кез келген аталым бойынша 2 жеңімпазға дейін таңдау құқығына ие.

●      Байқау ұйымдастырушылары табыстайтын Алғысхаттар тек байқаудың екінші кезеңіне өткен және байқау талаптарына сай келетін жұмыс жолдаған қатысушыларға беріледі.

Байқау туралы толық ақпаратты және ҚР Білім және ғылым министрлігінің Бұйрығын хатқа тіркелген қосымшадан оқи аласыз.

Қолдау көрсетіп, көмек бергеніңіз үшін алғыс білдіреміз!

Байқау туралы сұрақтар болса қолдау қызметінің +7 (727) 344 95 95 нөміріне хабарласу немесе support@bilimland.kz электронды поштасына хат жолдау арқылы білуге болады.

 

Здравствуйте!

Компания Bilim Media Group объявляет о начале проведения ежегодного Республиканского конкурса для педагогов «Учитель-новатор 2019», инициированного с целью признания и поощрения вклада педагогов в развитие информационно-коммуникационных технологий в сфере образования.

Данный конкурс включен в «Перечень рекомендуемых предметных олимпиад, профессиональных конкурсов, спортивных соревнований и других творческих мероприятий» Министерства образования РК (Приказ №656 от 29.11.2018 г.).

Просим сообщить о конкурсе всем школам Вашей области, чтобы каждый желающий педагог смог поучаствовать, внести свой вклад в развитие ИКТ и выиграть денежный приз.

Конкурс будет проходить в 2 тура:

1 тур: разработка урока. Сроки: 19.12.2018 – 01.03.2019.

2 тур: видеопрезентация + видеофрагмент урока. Сроки: 18.03.2019 – 26.04.2019.

Конкурсантам предлагается участие в одной из 4-х номинаций:

1.    «ИКТ на уроке» – приз: Диплом победителя + 500 000 тенге.

2.    «ИКТ в воспитательной работе» – приз: Диплом победителя + 500 000 тенге.

3.    «ИКТ при подготовке к Итоговой аттестации или ЕНТ (КТ)» – приз: Диплом победителя + 500 000 тенге.

4.    «ИКТ в малокомплектной школе (МКШ)» – приз: Диплом победителя + 500 000 тенге.

-       Организаторы конкурса оставляют за собой право определить до 2 победителей в любой номинации.

-       Благодарственные письма от организаторов конкурса выдаются только конкурсантам, прошедшим во второй тур конкурса и приславшим работы, соответствующие всем требованиям конкурса.

Во вложении письма Вы можете ознакомиться с Положением о проведении конкурса и Приказом МОН.

Выражаем глубокую признательность и благодарность за содействие!

По всем вопросам о конкурсе обращаться по телефону службы поддержки: +7 (727)344 95 95 или по электронной почте support@bilimland.kz.

 

С уважением, 


Приказ №656 от 29.11.2018

Положение о проведении конкурса «Учитель-новатор 2019» рус

«Жаңашыл мұғалім-2019» байқауының ережесі



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено