"Білім көкжиегі" жобасы аясында ұйымдастырылған семинар тренинг

13.02.2019

Бүгінгі қоғам алдындағы басты мақсат өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық іс-әрекетке қабілетті, еркін тұлға тәрбиелеу. Ол үшін бала тәрбиесімен айналысатын отбасы, мектеп, қоғам және жұртшылықтың тәрбие ісі кіріктіріліп, жүзеге асуы тиіс. Өйткені, отбасына мектеп тарапынан білікті көмек қажет. Педагогтар мен ата-аналардың өзара әрекетінің арқасында ғана оқушы тұлғасын дамыту мәселелерін табысты шешуге болады. 
Мектеп, мұғалім және ата-ананың орны бөлек, себебі баланың бір жақты тәрбие алуы мүмкін емес. Үйде ата-ана баулыса, мектепте мұғалімдер тәрбие береді. Тәлім-тәрбиедегі жарасымдылық бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады. 
Осы тұрғыда "Білім көкжиегі" жобасы аясында ұйымдастырылған семинар тренингке қатысып, өзіме көптеген әдіс тәсілдер жинақтадым. Тиімді әдіс тәсілдерді әріптестеріммен бөлісу барысында "6 сыныптарында ата-аналармен жұмыс жүргізудің тиімді әдіс тәсілдері" атты тақырыпта сынып жетекшілерге тренинг өткіздім. Тренинг жүргізу барысында тәжірибелік көмегін ұсынған Жанна Касенхановнаға үлкен рахмет айтамыз










Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено