«Бастауыш- білім бастауы» атты бастауыш сыныптар айлығының қорытындысы

14.05.2019

«Бастауыш- білім бастауы» атты бастауыш сыныптар айлығының  қорытындысы.

 

08.04 – 27.04 аралығында бастауыш сыныптарының айлығы болып өтті. Апталықтың жоспары күні бұрын әр қабаттағы тақтайшаларға және мұғалімдер бөлмесіне ілінді. Жалпы қазақ бастауыш сыныптарында 30 сынып, 25 мұғалім бар. Оның ішінде 5 мұғалім екі сыныпта жетекшілік етеді. Айлықта барлық 30 сыныптарда да ашық сабақтар өткізілу жоспарланған.. Сабақ жоспарлары күні бұрын тексеріліп, бекітілді.
Апталықтың ашылуы

08.04  күні апталықтың ашылуы болды. Жауапты мұғалімдер Жакишева Салтанат, Малик Алтай оқушыларды залға тұрғызып, концерттік номерлер дайындап, апталықта болатын іс шараларымен таныстырылып , ҚР Гимнмен сыныпқа кірді.

Салтанатты жиын 

 09-13.04. аралығында  10 сыныпта ашық сабақтар өткізіліп, сабақтар  дер кезінде талданып, ұсыныстар айтылып отырды.  Өте жоғары дәрежеде өткізілген сабақтар:  Тапенова Айнамгүл, Жакишева Салтанат,Әміржанова Айдана,Есмағамбетова Баян Жумабековнаның   өткізілген сабақтары .

13.04 күні 1- сыныптар аралығында  «Мерейлі отбасы» тақырыбында ата-аналармен  эстафеталық жарыс ұйымдастырылды. Жауапты мұғалімдер: Шакиржанова Гүлмира, Скакова Аида. Жарысқа  сегіз сыныптан бір жанұя мүшелері қатысты. Жарыс талаптарымен , қауіпсіздік ережелерімен таныстырылды. Әділқазылар алқасы сайланып, жарысқа қатысушылар әділ бағаланып , мақтау қағазымен марапатталды.
Мерейлі отбасы

15.04- 19.04  аралығында  9 сыныпта ашық сабақтар өткізілді. .  Өте жоғары дәрежеде өткізілген сабақтар:  Алтай Мәлік, Тулегенова Шарбат мубараковна,  Теңізбаева Бахыттың ашық сабақтары.   

16.04 күні 4-ші сыныптар арасында  «Логикалық және үстел ойындары » спорттық жарыс болды. Жауапты : Рахметов Ескендір, Садыканов Нұрболат.  Бұл жарыста «Бес асық», «Тоғыз құмалақ» ойындары ойнатылды,Жеңімпаз оқушылар мақтау қағазымен марапатталды.
Логикалық үстел ойыны

 19.04  күні екінші сыныптар арасында «Жыр жаттаймыз жалынды...»  екінші сыныптар арасында байқау болды. Байқауда әр оқушы Батырлар жырынан үзінді оқыды. Байқау болғандықтан әділқазылар алқасы сайланып, әр оқушыға өзінің дайындығына байланысты Мақтау қағазымен марапатталды.       

   Жырдан сайыс өтті


20.04 күні үшінші сыныптар арасында «Алтын қақпа » интеллектуалдық сайысы болды. Жауапты мұғалімдер: Қонысбаева Жаңагүл, Бимағамбетова Гүлнар болды. Сайыс үш кезеңнен тұрды. Әр кезеңде әр түрлі тапсырмалар болып отырды.1. «Тас қақпа» сөздің мағынасын ашу

  1. «Күміс қақпа» Ескірмейтін ескі сөзберілген суретке қарап ырым тиым сөздер құрады.

3 «Алтын қақпа» Тұрақты сөз тіркесінің  баламасын табу.

 Мұнда баланың ойының ұшқырлығына, шапшаңдылығына қарай жеңіп шыққан бала  Алтын сандықта сары майдай , көздің қарашығындай сақталған асыл дүние  сөздерден мақалдар жасырынған. Жеңімпаз бала сол мақалды құрап  ,шапшаңдығымен 3 «Д» сынып оқушысы Қалыбек Кәусар мен Райымбердиева Арайлым Мақтау қағазымен марапатталды.  

 Алтын қақпа




22.04- 26.04  аралығында сегіз  ашық сабақтар берілді. Өте жоғары дәрежеде өткізілген сабақтар: Исаханова Ақмарал, Байқуанышева Азия, Жакишева Салтанаттың ашық сабақтары.

25.04.  күні «Асық ойыны –ұлттық қазына » тақырыбында 3- ші сыныптарда Эссе жазылып, асық ойнаудан презентация қорғалды.  Жоғары деңгейде қорғалған жұмыстар мақтау қағазымен марапатталды. 3 «Г» сынып оқушысы  Бірлік Санжар 1-ші орынға иеленді.
Асықтан жарыс өтті

 27.04 күні төртінші сыныптар арасында «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбында  тәрбие сағаты болды. Жауапты мұғалімдер: Есмағамбетова Баян Жумабековна, Дауей Маржан Исабекқызы .  Алты сынып Ұлы даланың жеті қырын аша білді.           



Олар:

Атқа міну мәдениеті,

Ұлы даладағы ежелгі метеллургия

Аң стилі

Алтын адам

Түркі әлемінің бесігі

Ұлы Жібек жолы

Қазақстан алма мен қызғалдақтың отаны  

Оқушылар туған жеріне , еліне деген сүйіспеншіліктері артып, болашаққа деген сенімі мен ой өрісі дамыды.

Барлық өткізілген , тәрбие сағаттарында бастауыш сынып оқушылары белсене ат салысты. Құрылған жоспарға сай мұғалімдердің ашық сабақтарында жаңа инновациялық технологиялардың әдіс тәсілдерін тиімділігіне қарай шебер қолдана білді.  Сабақтардың құрылымы жүйелі құрылды.  Мұғалімдер сабақ өткізудің түрлі формаларымен практика жүзінде танысты. Апталықтың жабылуына арналған  салтанатты жиында концерттер ұйымдастырылып, белсенді оқушылар  мадақтамамен және дипломмен марапатталды.  Бұл апталық бастауыш сынып мұғалімдерінің шығармашылық әлеументін ашып көрсетуге мүмкіндік берді.Оқушылар пән бойынша жақсы көрсеткіштерін көрсетті.  Бұл бастауыш сынып мұғалімдерінің ерінбей еткен еңбегі, өзара ынтымақтастықпен жұмыс істеуі арқасында келген жетістік деп сенімді айтуға тұратын жәйт Осылайша бастауыш сыныптың айлық іс шаралары аяқталды.    

 

Орындаған   директордың бастауыш сыныптар бойынша орынбасары :          К.С.Бекназарова

                               



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено