Күз ханзадасы мен ханшайымы

16.10.2019

15-ші қазан күні мектебімізде 5-6 сыныптар аралығында «Күз ханзадасы мен ханшайымы-2019» байқауы өтті. Оқушылар өздерін таныстырып,өнерлерін ортаға салды.

   Сондай-ақ қалдықсыз бұйымдар жасап, қолөнер жұмыстарын көпшілікке  паш етті және де қағаздан басқа да заттардан тігілген киім үлгілерін көрсетті.      

    Әр сыныптың абыройын қорғап келген бақ сынаушыларға жанкүйерлерде көп болды. Сайыс қорытындысы нәтижесінде 6 «а» сынып оқушылары Естайұлы Абдурахим және Арыстанбек Айша « Бас жүлдеге» ие болып бүгінгі байқаудың «Ханзадасы мен Ханшайымы» атына лайық деп танылды.

 







Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено