Жыр алыбы - Жамбыл
14.02.2020"Астана дарыны" дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясында дәстүрлі Жамбыл оқуларын өткізді. Жамбыл оқуларының мақсаты мектеп оқушылары арасында ақынның еңбектерін насихаттау және шығармаларын терең меңгеруге қызығушылығын ояту. Қалалық Жамбыл оқуларында: "Жүз жасаған атама жыр арнаймын" - жас дарындар номинациясында Жұмабай Арман грамотамен, "Жыр алыбы - Жамбыл" ақынның еңбектері бойынша шығармашылық зерттеу жұмысы номинациясында Нұрбек Әбдусейт ІІ жүлделі орынға ие болды. Қалалық Жамбыл оқуларына шәкірттерін дайындаған ұстаздарға шығармашылық табыс тілейміз!

Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено
