Отан - отбасынан басталады!

15.09.2020

Отбасы – ұлттық құндылықтарды қалып­тастырудың қайнар көзі, тәрбиенің бастауы, әр үйде балалар санасына ұлттық құндылықтарға деген көзқарастар жүйесін, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды, даналық сөздерді, тыйым сөздерді, тәрбиелік мәні жоғары фольклор  үлгілерін сіңіретін де отбасы.Осы тұрғыдан отбасын ұлттық құндылық­тарды қалыптастыратын, оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыратын, ұлттық мәдениетті тәрбие арқылы тасымалдаушы орта ретінде қарастыруға болады. Осы орайда, 9-11 қыркүйек аралығында мектебімізде Отбасы күніне арналған мектепішілік онлайн іс-шаралар өткізілді. Аталған шараға барлық оқушылар белсенді қатысты. Бастауыш сынып оқушылары «Отбасым бақыт мекені»  атты отбасылық суретттерден фотоколлаж дайындады. Осы тақырып аясында сынып сағаттар өткізілді. 5-7 сынып оқушылары «Менің әкем осындай» атты өз әкелері туралы шағын видеороликтер дайындады. 8-10 сынып оқушылары  «Біздің үйдің дәстүрі» атты өз отбасының ерекше дәстүрлерімен таныстыру мақсатында  видеоматериалдар  дайындады. Ерекше дайындалған жұмыстар мектептің  әлеуметтік желілердегі  (Instagram, facebook)  парақшасында жарияланды.





Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено