Авторлық бағдарлама арқылы оқушылардың білімін тереңдету – өмір талабы

15.12.2020

Авторлық оқу бағдарламасы - педагогикалық құндылық пен жаңалықтардан хабардар ететін авторлар ұжымының немесе автордың педагогикалық шығармашылығының нәтижесі.

Авторлық әдістемелік жүйені құрастыру процесі ұзақ уақытты қамти отыра және нәтижесі тұлғаны дамытуға бағытталғандықтан бұл семинардың  мектеп мұғалімдеріне берері мол деген мақсатпен  ұйымдастырылып отыр.

          Бекітілген жоспар бойынша 2020 жылдың 11 желтоқсанында  онлайн – семинарды  директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Гүлжанат Айдарханқызы ашып, мектептегі авторлық бағдарламамен жұмыс жүргізу жайында мәлімет беріп,  авторлық бағдарлама құрастырған мұғалімдердің қорытынды көрсеткішіне шолу жасады.

 Соңғы үш жылдық авторлық бағдарламалар көрсеткіші бойынша 2018-2019 оқу жылында мектепішілік-1, қала көлемінде - 3, республика көлемінде – 1 авторлық жұмыс, 2019-2020 оқу жылында қала көлемінде -1, республика көлемінде -10 авторлық жұмыс, 2020-2021 оқу жылының бірінші жарты жылдығында қала көлемінде -2, республика көлемінде -2 авторлық жұмыс таратылды.

2018-2019 оқу жылындағы авторлық бағдарлама байқауларының нәтижесі бойынша «Педагогикалық идеялар»  фестивальінде  А.Т.Надирова жүлделі ІІ орынды иеленсе, «Үздік авторлық бағдарлама»  атты байқауда Ж.М.Арғынбекова, Л.Т.Муслимова жүлделі ІІІ орынға ие болды. Республикалық «Педагогикалық идеялар» фестивальіне А.Т.Надирова қатысып, мақтау қағазымен марапатталды.

2019-2020 оқу жылында «Педагогикалық идеялар» фестивальінде Б.К.Жандаева  ІІІ орынды иеленсе, Утегенова Г.М. мақтау қағазымен марапатталды.

2020-2021 оқу  жылында республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» байқауына А.Б.Идрисова қатысып,  мақтау қағазымен марапатталды.

  Мұғалімдердің авторлық бағдарлама бойынша жұмыс жүргізуі дұрыс жолға қойылып, оң нәтижесін беруде.

       Бастауыш сынып мұғалімі Утегенова Г.М «Авторлық бағдарламаға қойылатын талаптар және әзірлеу технологиясы» атты баяндама оқыды. Баяндамада ұстаздарға авторлық бағдарлама жазу және оған қойылатын талаптар мен ережелер туралы түсінік берді. Авторлық әзірлеудің мазмұны мен құрылымдары таныстырылды. Авторлық әзірлеудің кез-келген түрі қандай талаптарға жауап беру жолдарын көрсетіп өтті.

Авторлық педагогикалық әзірлемелердің талабы мен тәртібін белгілейтін Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңының 2 бабының 2-тармақшасына және басқа да нормативтік-құқықтық құжаттарға сәйкес жасалатынын атап өтті.  Оқу-әдістемелік әзірленімнің құрылымы талданды. 

         Тәжірибелік бөлімі бойынша Нұрахметова Г.Қ.,Канафина Б.Қ. «Аңызға айналған тұлға» 9- сыныптарға арналған факультатив курс бағдарламасы және Идрисова А.Б.,Тоқтағазы Е.Ә. «Қазақ батырлары туралы эпостық жырлар» 5- сыныпқа арналған элективті курсы бағдарламасы бойынша авторлық бағдарламаның жазылу құрылысына тоқталып, көрсетіп өтті.

Биология пәнінің мұғалімі А.Т.Ликерова  «Активизация познавательной деятельности учащихся на уроках биологии» тақырыбында мұғалімдерге арналған әдістемелік-көмекші құралдың жасалу жолдары мен қолданылу әдістерін көрсетті. Осы әдістемелік жинағындағы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына бағытталған тапсырмаларын кез келген сабақта қолдануға болатынын айтты.

       «Мұғалім- өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады »- демекші, білім беру аясында өз кәсіби біліктіліктерін шыңдау мақсатында авторлық оқу бағдарламасын жазып жүрген ұстаздарымыздың болашақта жақсы нәтижелерге жете беретіндіктерін нық  сеніммен айта аламыз.

Семинар жоғары деңгейде өтті. Қатысқан ұстаздар мен жас мамандардың авторлық бағдарлама жазу дағдысы қалыптасты.







Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено