Нұр-Сұлтан әкімдігінің қолдауымен өткен Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерей тойына арналған Республикалық байқау!
16.02.2021Нұр-Сұлтан әкімдігінің қолдауымен өткен Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерей тойына Республикалық байқауы өз мәресіне жетті. Байқауда 18 жасқа дейінгі жас өспірім өздері өлең шығарып Мұқағали Мақатаевқа арнау жазады. Байқауға 289 үміткер болды. Оның ішінде үздік деген 30 жұмыс таңдап алынды. Сол 30 жұмыстың ішінде 7"в" сыныптан 2 оқушы Жанибекова Қарақат пен Марат Арайлымның жұмыстары өтті. 30 жұмыс инстаграм желісінде дауысқа түсіп бүгінгі күні 6 жұмыс ЕҢ ҮЗДІКтер анықталды. Осы үздік жұмыстың ішінде 7"В" сынып оқушысы Марат Арайлым жүйріктердің жүйрігі болып топ жарып АЛҒЫС ХАТ пен марапатталды. Марапаттау кезінде *Хабар , Хабар 24, 7арна* телеарналар түсірді. Біздің Арайлым сұхбат берді. Кешкі жаңалықтардан қарауларыңызға болады. Құттықтаймыз Арайлымды!!Талабына нұр жаусын!!


Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено