«Ауған асуында от кешкендер»
17.02.2021Ақпарат
Сол Ауғанда талай досты жерледік,
Қарлы шыңға күн түн демей өрледік.
Сұрапылда ерледік те шерледік,
Намыс туын қолдан бірақ бермедік
2021жылы 15 ақпан күні мектебімізде 1-11 сыныптарында Кеңес әскерінің Ауғанстан аумағынан шығарылғанына - 32 жыл толуына орай «Ауған асуында от кешкендер» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.
Мақсаты: Отанға деген патриоттық сүйіспеншілігін қалыптастыру, Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу және олардың ерліктерімен таныстыру;
Әдісі: түсіндіру, сұрақ –ауап, әңгіме-сұхбат жүргізу, ой бөлісу.
9,10,11 сынып оқушыларымен онлайн кездесуге Ауған соғысының ардагері Ерназаров Ғалымжан Тоқтарұлы Іс-шара барысында Ауған соғысы ардагерлеріне құттықтаулар айтылып, оқушылар Ауған соғысы ардагерлеріне арналған өлеңдерін оқып, өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарын қоя білді.Ауған соғысы қалай басталды? 1978 жылы Ауғанстанда сәуір айында төңкеріс болып, оның арты аяқталмас соғысқа айналды. Бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес, оған сырт мемлекеттердің қатысуымен де ұзаққа созылды. 1979 жылы кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті Ауғанстанға кіріп, 10 жылға жуық соғыс жүргізді. Оған 22 мың қазақстандық қатысты. Соғыстың аяқталғанына биыл, 15 ақпанда 32 жыл толды, деп әңгімесін жалғастыра түсті ардагер.
Ардагер ағалар соғыстың қиындығы мен бастарыннан өткен оқиғаларға тоқталып өтті. Сонымен қатар қазіргі бейбіт өмір жайында әңгіме айтты. Оқушыларға осы сынып сағаттары жақсы әсерлерін қалдырды.

Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено