Ауған соғысының аяқталғанына – 32 жыл

17.02.2021

      Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті, ҚР Қарулы Күштерінің Басқолбасшысы Н.Ә. Назарбаев өз сөзінде: «Күні кешеге дейін көпшілік қауым үшін белгісіз болып келген Ауған соғысының жылнамасы отандық жаңа тарихымыздың ең қаралы парақтарының бірі болып қала береді.

         Күш-жігері мен әл-қуаты мол, интернационализм идеяларын бойына сіңірген, Отан алдындағы борышын адал атқарған және өз болашағына имандай сенген жас ұрпақ осынау үлкен саяси ойынның құрбандығына шалынды.

        

    2021 жылдың ақпан айында Ауған соғыс ардагерлері Марденов Марат генерал майор ПС КНБ РК, Елеусизов Шайзада, Майиканов Куаныш, Ниязов Алылжан-біздің №15 мектеп-лицейіне келіп, мектебіміздің түлектері, Ауған соғысының ардагерлеріне арналып қойылған мемиоральдық тақтаға келіп, тағызым етті.

        Генерал -майор Марденов Марат өз сөзінде: мыңдаған жас азамат жат елде жан тапсырып, мыңдаған қандастарымыз ұрыс даласынан 

жарақатпен оралды. Оқ пен оттың ортасынан аман-есен оралғандар үшін Ауғанстан мәңгілік жан жарасына айналды. Қаза тапқандардың ата-аналары, жақын туыстары мен таныстарының қайғысын сөзбен айтып жеткізу қиын екенін, Ауған соғысының ардагерлері ұрыста қаза тапқан қаруластарын жүректерінде мәңгі сақтайтынын  айтты.

 Нұр-Сұлтан қаласы «Ардагерлер мен мүгедектер» қоғамдық бірлестігі 15 ақпан – КСРО әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 32 жыл толу қарсаңында, соғыс ардагерлерінің туыстарына қаржылай көмек көрсеткендерін және де №15 мектеп-лицейінің түлегі, ардагер Нестеренко Василийдің анасынада Нестерова Нина Федоровнаға да құрмет көрсеткендерін айтып өтті. 


   Арманда кеткен ар үшін

Ұмытпас елім арысын.

Ту етіп ұстар қашанда,

Тәуелсіз елдің намысын.

Азаттық орнап арман ел

      Құлпырды мәңгі жайнап ел.

Байрағың басын имесін,

Ауғанда болған ардагер.

 

Сендер бірақ Отан үшін оққа тостың кеудеңді,

Ерлігіңді, өрлігіңді ел көрді.

Бірге аттанған бауырларың жер жастанды, жерленді,

Жебейді олар аруағымен сендерді.

 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено