"Lesson Study " тәсілін пайдалана отырып, сабақты зерттеу"
17.11.2021Қайырлы күн қымбатты достар!
Бүгін, 2021 жылдың 17 қарашасында біздің мектеп қабырғасында Астана Халықаралық университетінің педагогикалық колледжімен бірлесіп "Lesson Study " тәсілін пайдалана отырып, сабақты зерттеу" тақырыбында әдістемелік семинар өтті. Іс-шараны мектеп директоры Тулеуова Күлжан Дарбаевна ашып, семинарға қатысушыларға сәттілік тіледі. Модераторлар Г. Әлібековаға., К.Жалмағамбетоваға., Г. Сатыбалдинаға және фокус топ мүшелері мен семинардың барлық қатысушыларына алғысымызды білдіреміз! Әріптестеріміз әдістемелік семинардың практикалық кезеңінде 5 цикл бойынша 5 топта колледж оқытушыларымен бірге бірлескен жұмыс жасады.Топтық жұмыс барысында "Lesson Study" бойынша мектеп үйлестірушісі М. Билял әріптестермен ой бөлісті.
Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено