«Білім алушы ұйым ретіндегі мектеп: бірге үйренеміз» атты ІІ Аймақаралық онлайн форумы өтті.
03.12.20212021 жылдың 3 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының жетекші мектептерінің «Білім алушы ұйым ретіндегі мектеп: бірге үйренеміз» атты ІІ Аймақаралық онлайн форумы өткізілді. Форумның мақсаты: жетекші мектептердің өз бетінше білім алатын кәсіби қоғамдастық ретінде жұмыс істеу тәжірибесімен алмасу үшін диалог алаңы және жаңа білімді құру тетіктерін анықтау. Форумға А.Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейі «Жетекші мектеп- өзін-өзі оқытатын кәсіби қауымдастық ретінде» постерлік бейнепрезентация галереясына қатысты. Жетекші мектеп жұмысын ұйымдастыруда мектеп директорының бейіндік ісі жөніндегі орынбасары Қ.И.Ибраймова бейнепрезентация ұсынып, таныстырды. Форум қорытындысында «Үздік педагогикалық идеямен жасалған бейнепрезентация» номинациясы бойынша Алғыс хатпен марапатталды.

Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено