ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл

15.12.2021

Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Бұл күн еліміз үшін айтулы оқиға. Сонымен қатар мектебіміз үшін де маңызы зор мереке. Қазақстан Республикасының өз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет атанғанына бүгін 30 жыл толып отыр. Осы айтулы мерекенің қарсаңында білім ордамызда «Өнерім саған, Тәуелсіз Қазақстаным!» атты мерекелік іс-шара өтті.
Іс-шараға мектеп мұғалімдері және барлық оқушылар қатысты. Іс-шарада мектеп оқушылары өз өнерін паш етті. Мерекелік іс-шара мемлекеттік гимнмен ашылып, тақырыпқа сай көрініс қойылып, ән-би шырқалып, тақпақтар оқылды. Туған жер, Отан, ҚР Тәуелсіздігі туралы және бейнекөріністер көрсетілді.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай мектеп директоры К. Баяхметбаева құттықтау тілегін білдіріп, білім алушыларды мектеп өміріне белсене қатысқаны үшін арнайы дипломдармен марапаттады. Тәулсіздік мерекесі құтты болсын! Еліміз аман, жеріміз тыныш, егемендігіміз мәңгілік болсын!



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено