«Зиянды заттардан аулақ болайық!»
13.04.2022Мектептегі оқушылардың арасында зиянды заттарды қолданудың алдын алу мақсатында жүргізілетін іс-шара: Оқушылардың арасында зиянды заттарды қолданудың алдын алу мақсатында іс-шаралар 14.03-18.03.2022ж мерзімі кезеңінде өткізілді. Мектептегі өзін-өзі басқару ұйымы өкілдері,соның ішінде медиатор қызметін негізінде "СӨС арналған Пульс" тақырыбында мектеп газеттерінің қабырғасы дайындалып ұйымдастырылды. Оқу жылы барысында өз қызметтерін ұйымдастыру барысында туындайтын мәселелермен жұмыс жүргізу мақсатында кеңесу алаңында сыныптағы зиянды әдеттермен әуестенген балаларды анықтау, жәрдем ету кездесуі өтті. «Сау болу сәнді», «Жаман әдеттен сақтан!», «Зиянды заттардан аулақ болайық!», Салауатты өмір салтының негіздері тақырыбы аясында сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен тәрбие сағаттары өткізілді. «Азғыруға берілме ... » тақырыбында мектеп психологтары Демеуова М.С., Дүкенбаева М.Е 5-11 сынып оқушыларымен әңгімелесулер өткізді. «Достық» ПСМП орталығының меңгеруші терапевт дәрігері Ногаева Р.А «Алкогольдік,психоактивті заттардың адам денсаулығына әсері және олардан бас тарту тәсілдері» тақырыбында оқушылар арасында лекция өткізді.

Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено