Қаржылық сауаттылық

18.05.2022

Қаржылық сауаттылық 18 мамыр күні №15 мектеп-лицейінің 8-11 сынып оқушыларына «Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі» РММ Нұр-Сұлтан қаласындағы өңірлік өкілдер басқарамсының бас маманы-Сарупин Мади Сериккалиевичпен кездесу өткізілді. Кездесуде Мади Сериккалиевич «Қаржылық сауаттылық» тақырыбында дәріс берді. Бас маман өз сөзінде: Қаржылық сауаттылық дегеніміз – қарапайым тілмен айтқанда қаржылық тәртіп, яғни өз бюджетіңді басқара білу дегенді білдіреінін, қаржылық сауаттылықтың бастауы өз-өзіне есеп беруден басталады. Адам қарызға батпас үшін, барынша үнемдеп, қаржылық сауаттылығын арттыру керек екенін айтып өтті. Оқушылар кездесу барысында бас маманға қаржылық сауаттылықты қалай арттыруға болады? Азаматтар қаржы пирамидасы екенін қалай анықтай алады? - деген сұрақтар қойды. Оқушылар өздеріне қажет мәселелер туралы көп мағұлматтарды меңгерді. Дәріс соңында Мади Сериккалиевич оқушылараға осы тақырып бойынша терең танып, білуге өздерінің ссылкаларымен таныстырып өтті- www.fin.gramotnost.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено