«Бізге қонаққа алтын күз келді»
15.11.202211 қараша күні 3 «З» сыныбында «Бізге қонаққа алтын күз келді» атты қойылым өтті. Далада лайлы және күн суық болса да , бізде жылы, достық атмосфера болды. Қонаққа орман тұрғындары, «Шалқан» ертегісінің кейіпкерлері келді. Балалар ертеңгіліктің барлық қойылымдарына қатысты: мәнерлеп тақпақ оқыды, қызу биледі, сезімге толы әндер шырқады, ойнады. Қойылым- әрқашан керемет ғажайыптар, сиқырлы түстер, сыңғырлаған күлкі, көңіл күй теңізі. Балалар да ата-аналары сияқты көптеген жағымды эмоциялар мен әсерлер алды.
Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено