Мектепішілік пәндік олимпиада
16.11.202214 қараша күні мектебімізде 8-11 сынып оқушылары арасында мектепішілік пәндік олимпиада өтті. Ашылу салтанаты акт залында болды. Мектеп директоры Казмуханбетова Ж.Т. олимпиадаға қатысушы оқушыларды құттықтап, сәттілік тіледі. Одан әрі директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Утегенова Ш.М. олимпиаданың өту тәртібін, қай кабинетте өтетінін таныстырып өтті. Пән мұғалімдері интеллектуалды және логикалық сипаттағы тапсырмаларын дайындады.
Оқушылар қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, математика, физика, химия, ағылшын тілі, тарих, биология және информатика сияқты пәндер бойынша қатысты.
Жүлделі орындарға ие болған оқушылар аудандық, қалалық және республикалық кезеңдерге жолдама алып, мектебіміздің намысын қорғайтын болады.
Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено