Мектеп оқушыларына үй жұмысы қаншалықты қажет
14.12.2022Мектепшілік пікірсайыс технологиясын дамыту- қазіргі біздің басты мақсат. Себебі оқушылардың бойында саяси мәдениетті, сыни ойлау қабілетін қалыптастыру қажет. Осы мақсатта Ыбырай Алтынсарин атындағы №83 мектеп-гимназиясында мектеп оқушылары арасында пікірсайыс өткізілді. Пікірсайысқа 8-9 сыныптары белсене қатысып, «Мектеп оқушыларына үй жұмысы қаншалықты қажет» тақырыбында ой қозғалды. Пікірсайысқа Гүлнұр Құдайбергенқызы, Айман Ермековна және Айсұлу Саматқызы төрелік етті. Аталған ұстаздар оқушыларға пікірсайыстың өзектілігін түсіндіріп, спикерлерге сәттілік тіледі.




Қоғамдастық талқылаулары
Обсуждений не найдено