1-маусым – Халықаралық балаларды қорғау»
1 маусым сағат 10:00-де мектепішілік «ЖАЗ-2023» жазғы бейіндік лагерьдің ашылуы мектеп ауласында өткізілді. Жазғы бейіндік лагерьдің ашылуына 5-7 сынып оқушылары және мұғалімдер қатысты. Ашылу мерекесімен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абенова А.Б. құттықтап, балаларды лагерьге белсене қатысуларын, бос уақыттарын тиімді пайдалану жолдарын айтты. Салтанатты жиын мұғалімдер мен оқушылардың флешмобымен басталып, ары қарай балалар өз бағыттары бойынша бөлініп, жазғы бейіндік лагерь жетекшілерінің дайындаған танымдық тапсырмаларымен жұмыс жасады. Мәселен, «Менің Отаным-Қазақстан» танымдық ойынында қатысушылар екі топқа бөлініп, әр бекеттен сәтті өту үшін берілген тапсырмаларды орындап, ұлттық ойындар ойнаса, «Жас суретші», «Жас құтқарушы», «Жас полицей», «Жас дебатёр» бағытындағы оқушылар асфальтқа сурет салу конкурсын өткізді. Ал мектеп спорт алаңында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында түрлі спорттық ойындар өткізіліп, оқушылар мейрамды көңілді өткізді. \




















Жаңалықты мекеменің сайтында қарау