Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

IQ SUMMER64 - 3 күн

Лагерьдің үшінші күні таңғы көңілді жаттығудан басталды. Таңғы астан соң, әр топ бүгінгі сабақ кестесі бойынша түрлі бағытқа «Lesson time», «Театр сабағы», «Ән,би сабағы», «Sportime», «Оқуға құштар мектеп» жобасы, «Этноауыл», « Арт жобасы» бойынша сабақ, тренингтермен жалғасты.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Т.Б.Ибраймова, Н. Шалабаева мен бірге 5-8 сынып оқушыларынан жасақталған «Дарын», «Орда» топтары кітапханада 30 минут кітап оқу кезінде балалар жазушысы Б.Соқпақпаевтың «Жекпе-жек» шығармасының алғашқы бөлімін қызыға оқыды. Осы топтарда «Lesson time» жаратылыстану сабағында құлпынайдың егілу, өсу жолдарымен танысты. Жер қазып, көшеттер отырғызуға топырақ қопсытты. «Этно» жоба аясында жетекшілерімен бірге бауырсақ илеп,пісіру жолдарын үйренді. Пісіріп, ыстық бауырсақтан дәм татты.
Бүгінгі күннің тақырыбы «Өнер өрге жүргізеді» тақырыбы болды. Ембергенов Б.С өткізген «Театр әлемі» сабағында оқушылар ойын арқылы, түрлі кейіпкерлер әрекетін сомдауда өз өнерлерін көрсете алды. Ән, би сабақтарында әр топ бүгінгі «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» ән байқауы, «тик-ток» би байқауы дайындық өткізді.Байқауға қатысқан әр топ ән, би байқауында аса белсенділік көрсетті.
5-7 сынып топтары арасында «Этноауыл» жобасы аясында ұлттық тағам «женттің» жасалуы жолы, құрамы, адам ағзасына пайдалығы туралы оқушылармен практика жүзінде қызықты сабақ өтті. Оқушылар өздері жент жасап ,өз қолымен жасаған жент тағамын достарына беріп мәз мәйрам болды.
Тәрбиешілеріміз оқушылардың жазғы демалысты пайдалы өтуіне ықпал ете алды. Балалар көңілді-күйде үйлеріне таратылды. ВИДЕО КӨРУ

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения | Создать обсуждение

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0