Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

Жазғы демалыс лагері - 4 күн.

Лагерьдің төртінші күні ақ жауынмен басталды. Таңғы жаттығулар іште өтті. Бүгінгі күн «Табиғат аясында» өтуі керек еді. Дегенмен, біз оған моймадық. Күніміз оқушы шығармашылығына арналды. «Дарын», «Орда» топтары гипстен қыздар әшекейі тұратын сандықша, жаппалы ракушкалар жасады. 2,3,4 ,6 - топтарымыз, келесі аптадағы папье-маше сайысына дайындықты бастап кетті. Түрлі папье-машелерді желімдеп жапсырып кептіруге қойды. 1-2 топтарда «Менің қолымнан бәрі келеді» тақырыбында қоршаған орта, табиғатты аялау, өсімдік түрлері туралы қызықты тренингтер өтті. Сонымен қатар, «гербарий» деген не және оны қалай жасау қажет екені жайлы ақпарат алды. Оқушылар мектеп ауласындағы түрлі әдемі өсімдіктерді және гүлдерді жинап, келер оқу жылына керек  гербарий жасауға кірісіп те кетті. Спорттық алаңға барып, 2 топтар арасында  жарыс ұйымдастырылды.  9,10 топтар жарысты. Нәтижесінде 9 топ «Күншуақ» тобы жеңіске жетті. Барлық жерде жеңіс те, жеңілісте болады. Бастысы ешқашан мойымау, тек алға қарай ұмтылу. Түскі астан соң топтар арасында сапта жұру байқауы өтті. 5-топ өзінің ерекше дайындығымен көзге түсті. Сондай-ақ 6,7 топтардың көшбасшылары ерекше ілтипатқа ие болды. ВИДЕО КӨРУ

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения | Создать обсуждение

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0

test

23.11.2022
0