Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

«Жас Ғалым» көрмесі

Бастауыш сынып оқушылары арасында «Жас Ғалым» атты ғылыми-шығармашылық көрме ұйымдастырылды. Бұл шара оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру мақсатында өткізілді.
Көрмеге әр түрлі сыныптардан оқушылар қатысып, өз жобаларын ұсынды. Олар табиғат құбылыстары, экология, техника, биология, химия, математика және күнделікті өмірдегі тәжірибелерге негізделген жұмыстарын таныстырды. Әр жоба баланың өз ойымен жасалып, шығармашылық пен ізденістің жемісі екенін көрсетті.
Көрме барысында оқушылар өз жұмыстарын таныстырып, тәжірибе жасап көрсетті, сұрақтарға жауап беріп, өз жобаларының маңыздылығын түсіндірді. Қазылар алқасы оқушылардың еңбектерін бағалап, үздік жобаларды марапаттады. ВИДЕО КӨРУ

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь