«Көңілді караоке» ән-фестивалі.
«Өнер – өмір жемісі» атты апталық аясында “Қарттар күні” мерекесіне орай «Көңілді караоке» атты ән-фестивалі өткізілді. Сыныптан тыс бұл іс-шараның мақсаты – оқушылардың үлкендерге деген құрмет сезімін оятып, өнер арқылы қарияларға қуаныш сыйлау. Шара барысында оқушылар әртүрлі жанрдағы әндерді караоке форматында орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. «Көңілді караоке» фестивалі оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға әсер етті. ВИДЕО КӨРУ
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау