Меню KDT
logo.png?_=1461927794
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ГОРОДА АСТАНА
ru / kz / en
Новости

“Нашақорлыққа жол жоқ” профилактикалық іс-шара.

Мектебімізде “Нашақорлыққа жол жоқ” тақырыбында профилактикалық іс-шара өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты — оқушыларға нашақорлықтың зияны туралы түсінік беру, салауатты өмір салтын насихаттау және есірткіге тәуелділіктің алдын алу. Шараға арнайы қонақтар — Астана қаласы әкімдігінің прокуроры Үтегенов Ерлан Рахымжанович пен Құсайынова Айгүл Мендібаевна қатысты. Қонақтар оқушыларға нашақорлықтың қоғам мен адам өміріне тигізер зияны, заң алдындағы жауапкершілік пен оның ауыр салдары туралы кеңінен әңгімелеп берді. Іс-шара барысында бейнеролик көрсетіліп, тақырыпқа сай презентация ұсынылды. Оқушылар назарын аударатын нақты мысалдар келтіріліп, ой салатын ақпараттармен бөлісті. Сонымен қатар, спикерлермен ашық сұхбат ұйымдастырылып, оқушылар көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, мазмұнды жауаптар алды. Бұл шара оқушылардың есірткіге қарсы тұруына, дұрыс таңдау жасауына және өмірге жауапкершілікпен қарауына үлкен әсер етті. ВИДЕО КӨРУ

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь